476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодар жастары референдумға қолдау білдірді

  • 182
  • UPD: 22:04, 02.06.2022
Павлодар жастары референдумға қолдау білдірді

Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз. Павлодар жастары референдумға осылай қолдау білдірді.

Бұл олардың өміріндегі алғашқы тарихи оқиға. Бүгінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған аймақтағы барлық жоғарғы оқу орыны мен  колледж студенттері және оқытушылар тартылды. Бүгін қалада «Референдум: әділетті Қазақстан жолында» атты «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті. Форумға қатысушылар конституциялық реформалар жайында пікірлерін ортаға салды. Жаңа Қазақстанды құрудағы референдум ролін талдады.

Жиенбет Жұмағұл, сарапшы:

- Біз әрдайым жастарға басымдық беруге тырысамыз. Өйткені олар осы өзгерістермен өмір сүреді. Жалпы жаңа қоғам құрудың өзі де осы жастардың келешегі үшін жасалып жатқан тарихи қадам екенін кейінгі буын өкілдері сезінуі  керек деп ойлаймын.

Рамиль Смаилов, "Ассамблея жастары"  ҚБ жетекшісі:

- Бұл біз сияқты жастар үшін алғашқы референдум. Мұндай тарихи шешім қабылданатын саяси оқиғаға ешқашан қатысып көрген жоқпыз. Бұрынғы референдум осыдан 27 жыл бұрын өткізілген. Сондықтан бұл жастар үшін шын мәнінде жаңа тарих.

Хабар 24 телеарнасы