ШҚО-да су құбыры тартылғанымен, су келмей тұр

Борандықтар иек астындағы игілікке жете алмай  күйінеді. Іргедегі су тоғанының толып тұрғанынан не пайда. Әлі де тіршілік нәрін құдықтан тасып жүр. Ауыз су аға ма деген қара шланганың қаңсып тұрғанына бірнеше жыл болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерлан Келбетов не ішіп жүргенімізді өзіміз де білмейміз, әйтеуір, таңдайымыз кеппеудің амалын жасап келеміз дейді.

Мұндағы кей жерден тап-таза  енді бір жерде ащылау енді бірде құм аралас су шығып жатады. Орталықтан  берілетін  ауызсуға жетсін бе сапасы.

Ерлан Келбетов, Боран ауылының тұрғыны:

- Екі ақ метр шланганы қоса алмай міне  3 жыл болды, міне, тиіп тұрған цивилизацияға жете алмай жатырмыз, шынын айтқанда. Білесіздер  маса шіркейдің ортасы мына  Боран,үйімізде отырып жуынып-шайынып отырсақ жаман ба?..

Су тоғанына біз де  бардық. Толық істеп тұр. Оператор су жіберудің орнына тоған басын күзетіп қана отыр.

Ауылдық округ әкімінің айтуынша, үй жанына жеткен құбырды әр тұрғын өз ауласына ақылы түрде тартқызу керек. Жұрт оған  қарсы емес. Алайда  бұл шаруаны  атқару үшін аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесінен экскаватор келуі қажет.Дәл сол техника келмей істің бітетін түрі жоқ.

Айдос Наурызбаев, Боран ауылдық округінің әкімі:

- Қазір бізге керегі экскаватор, трактор дайын тұрған шланганы үйге тарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Насосный станция  қосылып жұмыс істеп тұр. Экскаватор керек неге десеңіз қазылған жерден үйге апаратын.

Сөйтіп мұндағы ел екі көз төрт болып экскаватор күтіп отыр. Жалпы су тоғанының құрылысы 2020 аяқталу керек еді,  алайда мердігер компания кестеге үлгермей әрі қарызға батып,  әкімдікпен арада сот ісі басталған.

Мақсат Акрамов, Күршім ауданы ТҮКШ бөлімінің басшысы

- Компания тарапынан біраз жұмыс кестесі бұзылды,график  соған сәйкес сот шағымдары сот прцесттері болды. Яғни факт  түрінде 2021 жылдың екінші жартысында ғана  аталған объект толығымен барлық қарызын өтеп,аталған нысан қолданысқа берілді, соған сәйкес су нысаны тек қана тұрғын үйлердің қызыл жолақ дейді ғойтқоршауына дейін ғана жеткізілді.

Жалпы Боран ауылында  285 аула бар. Ауыз суға қосылуға осының 180-і дайын отыр. Алтын сандық үстінде ақшасыз отырғандай күй кешкен Борандықтар  биыл орталық суға қолымыз жете ме деген үмітте. Ал, осы ауызсу тарту жобасына 660 млн теңгеге жуық мемлекет қаржысы жұмсалған.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Сондай-ақ...