Жастар референдумның маңыздылығын түсінеді – блогер Алексей Лодочников

«Референдумға барамын» телемарафонында блогер Алексей Лодочников референдумға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазір жастар әлеуметтік желілерде референдумға қатысты көптеген видео түсіріп жатыр. Мобилографияны, арнайы эффектілерді қосып жастардың талабына сай етіп түсіреді. Осындай видеоларды көп көрдім, қаралымдары да көп. Жастар нақты қандай өзгерістер болатынын толық біліп, танысып алды деп ойламаймын. Бастысы, олар маңыздылығын түсініп отыр», – деді «Референдумға барамын» телемарафонында блогер Алексей Лодочников.