Бүгін «Хабар» арнасының эфирінде республикалық референдумға арналған телемарафон басталды

Кешкі сегізге дейін өткізілетін шараға саясаткерлер, халық арасында танымал блогерлер мен қоғамдық пікірі көшбасшылары қатысып жатыр. Марафонды өткізу үшін Бәйтерек монументінің алдында әйнек студия әзірленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қонақтар осында келіп, тікелей эфирде елде болатын саяси өзгерістер мен оның ықпалы жайында пікір алмасуға мүмкіндік алды. Жүргізушілер алаңға шығып, қазақстандықтармен сұхбаттасады деп жоспалранған. «Хабар» агенттігі бұл бәйгеге шамамен 3 апта дайындық жүргізді. 200-ге жуық маман сапалы әлі танымды телемарафон ұйымдастыруға атсалысты. Ата заңымызға өзгертуге байланысты өтетін референдум алдындағы ең басты үгіт-насихат шаралардың бірі осы болды.

Берік Уәли, «Хабар» агенттігі» АҚ төрағасы:

Халық жылы қабылдап жатыр. Бұл енді өз жемісін береді. Халық референдумға келіп, дауыс береді деп ойлаймыз. Бұл енді заман ағымына сай жаңа форматты әкелген түріміз.