Шығыс Қазақстанда 900 сайлау учаскесі жұмыс істейді. LIVE

Референдумға дайындық, әсіресе, болашақта Абай облысына айналатын Семей өңірінде ерекше деуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені бір емес екі бірдей үлкен өзгеріске әзірлік жүріп жатыр. Оның бірі –Президент жарлығына сәйкес өңір біраз күнен кейін Абай облысы болып құрылады. Екіншісі – мінекей, таяп қалған референдум.

Жалпы елдің шығысы саяси науқанға сауатты әрі үлкен жауапкершілікпен әзірленіп жатыр десек артық емес. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға семейліктер бей-жай қарап отырған жоқ. Бүкіл облыс бойынша 5 мамыр күні 900 референдум учаскесі жұмыс істейтін болады таңғы жетіден бастап. Ал осы Семей шаһарында 149 участок есік ашады тұрғындар үшін. Мамандар берген мәліметке сүйенер болсақ, 228 372 дауыс беруші тіркеліп отыр.

Эльмира Ахметова, тілші:

– Қазір біз Шәкәрім атындағы көпбейінді гимназия ғимаратында орналасқан референдум учаскесіне келдік. Қаладағы ең ірі учаскелердің бірі, сол жағалауда. Дайындықтары жайлы білейік. Амансыздар ма, ал мінекей жауапты кезең таяп қалды,қаншалықты әзір отырсыздар,дауыс берушілерді қарсы алуға?

Гүлжан Тастекеева, №167 референдум учаскесінің комиссия төрағасы:

– Дайындығымыз енді жаман емес, міне, өздеріңіз көріп тұрғандай кабинкалардың барлығы сақадай-сай тұр. Қаламсаптар бюллетендер жәшіктер барлығын дайындадық. Енді учаскемізге жалпы 2550 сайлаушы тіркелген. Ең қуанарлығы бұл референдумға алғаш рет дауыс беретін 7 азамат қатысады деп күтіп отырмыз. Енді халық белсенді болар деген үміттеміз.

Студиядан сұрақ:

– Эльмира, егер дауыс беруші адам референдум күні өзінің тұрғылықты мекенжайында болмаса ше, онда қалай болмақ?

– Рақмет, енді оны тура осы жердегі маманның өзінен сұрайын, Гүлжан ханым бұл қалай болады?

Гүлжан Тастекеева, №167 референдум учаскесінің комиссия төрағасы:

– Иә, ондай жағдайда дауыс беруші өзімен бірге бекіту талонын алып, сол қай жерде болады, сол жерде дауыс беруіне болады.

Жауапты мамандардың айтуынша, Семей маңындағы елді мекендер де саяси науқанға әзір көрінеді.Тағы бір білгенім бұл күні шаһардың өз басында референдумның барысын 500-ден аса байқаушы қарайтын болады.