Депутаттар: Халық референдумның маңызын түсінеді

Ақмола облысының жұрты референдумның маңызын түсініп отыр. Бұл туралы аймаққа барған республикалық қоғамдық штаб өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарапайым халыққа, әсіресе, Президенттің өкілеттігі мен құзыреттілігіне қатысты өзгерістер жақсы әсер етеді. Бұл – сыбайлас жемқорлықпен күрестің үлкен бір көрінісі – дейді жұрт. Көкшетаудағы зауыттардың бірінде болған кездесуде жұмысшылар депутаттарға басқа да сауал қойып, Конституциядағы түзетулерге бей-жәй қарамайтынын білдірді.

Асқарбек Үйсімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Кеше 6-7 ауданды аралап келіп жатырмыз. Міне, бүгін Көкшетау қаласын да аралап, халықпен кездесіп, сұхбаттастық. Бәрі де бір ауыздан қатысамыз деді. Шетте отырып, бұрынғыдай «менсіз өтеді» деген мәселені қойып, «бәріміз де қатысамыз» дегенді өздерінің ауыздарынан естіп жатырмыз.