Тараз жастары өзгерісті қалайтынын жеткізді

Таразда өткен «Жастар өзгерісті қалайды» форумына 300-ге жуық колледж студенті мен жұмысшы жастар қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ауыл» партиясының Жамбыл облыстық филиалы шараны референдумға қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырған. Саяси ұйым мүшелері Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға айрықша тоқталды. Жастарды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды. Референдум өткізу үшін Әулиеата жерінде 492 учаске жасақталған.

Ерболат Саурықов, «Ауыл» ХДПП облыстық филиалының төрағасы:

– Референдумдағы 33 баптан тұратын өзгеріске талдаулар жасады. Енді, әрине, бүгінгі біздің жастарымыз, мынау біздің қазақ халқының ең үлкен байлығы ол жері, осы жердің қойнауы. Жердің қойнауындағы бүкіл халыққа, мемлекетімізге тиесілі құнды дүниелердің барлығы, ол, әрине, халықтікі болуы керек деген мәселені айтты. Бірақ оның барлығы мемлекеттік саясат арқылы іске асырылатынын да атап өтті.

Сондай-ақ...