Елордада Азия кеңесінің велошеруі өтті

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына және Азия кеңесінің 30 жылдығына орай велошеру өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордада аккредиттелген елшілер, халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері атаулы күнді бұқаралық жарыспен қарсы алды. 100-ге жуық әуесқой шабандоз 30 шақырымды еңсерді. Іс-шара барысында сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Азиядағы 27 мүше мемлекетті біріктіретін Азия кеңесінің жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ биыл кеңесте төрағалық етуші Қазақстан 12-13 қазанда Мемлекет және Үкімет басшыларының алтыншы кездесуін өткізетінін тілге тиек етті. Айта кетерлігі, Біріккен Ұлттар Ұйымыныың «Дүниежүзілік велосипед күні» резолюциясына 56 мемлекет демеушілік жасап, құжатты 198 мемлекет бірауыздан қабылдаған.