Атыраулық дәрігерлер шетелде біліктілігін арттырады

Атырауда 80 дәрігер мен орта буынды қызметкер Израиль, Ресей, Түркия, Германия секілді мемлекеттерде біліктілігін арттырады.

Бұған дейін Израиль мамандары мұнайлы өңірге келіп, шеберлік сағатын өткізген. Енді қазақстандық медицина қызметкерлері сол елде тәжірибеден өтеді. Қазір Атырау облысында 200-ге жуық дәрігер жетіспейді. Былтыр 70 жас маман келген еді. Олардың 17-сі ауылдарда қызмет етіп жатыр. Енді сол дәрігерлердің шеберлігін шыңдап, біліктіліктерін халықаралық деңгейге жеткізу керек. Дайындық курсы 2 аптадан 3 айға дейін созылады. Тәжірибеден өткен маманға халықаралық деңгейдегі сертификат беріледі. 

Асқан Бәйдуәлиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Осы 2 айдың ішінде топты қазір құрып жатырмыз. Оның барлығы бас дәрігерлердің тапсырысы бойынша конкурстық комиссия өткізіп, сол мамандарды таңдап, сол жердегі нақты акушер-гинекологтарды, реаниматологтар, акушеркаларымен бірге мейірбикелерімен, операция жасайтын мамандармен бірге жасақталуда. Олар бірінші сол Израиль мемлекетіне барады.