Сәнді ішік пен тон тігетін OMABELLE компаниясына он жыл толды

Қазақстандық сәнді ішік-тондар тігетін «Омабель» компаниясына он жыл толды. Осы мерейтойға орай компанияның Алматыдағы сауда дүкенінде салтанатты іс-шара өтті. Оған сән өнерін бағалаушы қала тұрғындары мен әншілер қатысты. Ал 4-5 маусым күндері сауда дүкендерінде барлық тауарға 70 процентке дейін жеңілдіктер болады.

«Омабель» компаниясының 10 жылдық мерейтойына Айжан Нұрмағанбетова, Жеңіс Ысқақова, Меруерт Түсіпбаева сынды белгілі әншілер мен танымал адамдар келді. Отандық компанияның сәнді әрі сапалы киімдеріне сұраныс жоғары.  Еліміздің сауда әлемінде жоғары сапамен ерекшеленетін «Омабель» бренді кез келген тауарын кепілдікпен береді.

Айдана Омарова, дизайнер:

- Біздің тұрақты тұтынушыларымыз өнер адмдары және де барлық әйелдер. Барлық әйелдерге бағасын да, сапасын да өте жақсы қылуға тырысып жатырмыз. Он жылдыққа орай 70 процент жеңілдіктер болады. Көптеген сыйлықтар болды және бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл тондар «Oмабель» брендінің жеке цехында тігілген. Терілер Канада, Грекия мен Финляндиядан әкелінеді. Олардың табиғи өнім екенін растайтын арнайы сертификаттары бар. Сондай-ақ сауда орнында тұтынушылар үшін әрқашан түрлі ұтыс ойындары өтіп тұрады. Бұл күні сәнді тондар, бағалы сыйлықтар, су жаңа автокөлік пен Түркияға тегін жолдама ойнатылды.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

- Осы жетістіктері шетелге шығып жатыр. Шетелде тұтынушылары олрды алып, киіп жатыр. Бұл кісілердің кардигандары бар. Ұлттық нақышта жасалған киімдері бар. Сол үшін мен ойлаймын «Омабельді» әр уақытта қолдауға тиістіміз.   

Еліміздің сауда әлемінде жоғары сапамен ерекшеленетін "OMABELLE" брендінде сапалы тоннан бөлек қолдорба мен аяқ-киім де сатылады. Бүгінде компанияның Нұр-Cұлтан, Алматы, Ақтау, Шымкент, Тараз және Қызылорда  қалаларында сауда нүктелері бар.

Алмас Садуақас, Әбен Нарынбаев