Қазақ елтаңбасы қалай жасалды?

1992 жылы Жандарбек Мәлібеков Ташкент қаласындағы құрылыс саласына жетекшілік етіп жүріпті. Сол кезде Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне байқау жарияланғанын баспасөз бетінен көрген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәжірбиесі толысып, елуді еңсерген архитектор елтаңба жасау үшін өзге жобаларымды ысырып қойып көп іздендім,- дейді.

Жандарбек Мәлібеков, елтаңба авторы:

- Дүниежүзіндегі мемлекеттердің гербтерін қарастырып, содан кейін барып шын мәнінде әрбір елтаңба, әрбір герб қайбір мемлекет болмасын соның тарихын дәстүрін сипаттайды екен. Алғашқы ойлғаным шын мәнінде қазақ халқының қандай құндылықтары бар, дәстүрі бар, қандай тарихы бар дегенде барлығы ұлағатты сөздерімізде жатады. Жаңадан отау тігіп жатқандықтан әруақытта шаңырағы биік, керегең кең болсын деп тілеп жатады. Сондықтан скл біздің елтаңбаға киіз үйдің келуі осындай мағынада келіп отыр.

Елтаңбадағы шаңырақ, уық, қанатты қос тұлпар, қошқар мүйіз ою мен өзге де элементтердің терең мағынасы бар. Сол себепті Жандарбек Мәлібековтың сызбасы жоғарғы кеңес талқылауына түскен үш жүзден астам жұмыстың ішінен үздік деп танылды. Өзара байланысып тұрған туынды тұтас тарихымыздан сыр шертіп тұр.

Қаржаубай Сартқожаұлы, тарих ғылымының докторы, профессор:

- Ғұн империясынан басталды. Сонда ай мен күнде елтаңба ретінде пайдаланды. СКЛ бұрыңғы елтаңба ай мен күн бе? Қазіргі Жандарбектің елтаңбасы шаңырақ деген күн, уықтары сәуле шашылып отырған. Ал, енді туда күн тұр, одан кейін бүркіттің бейнесі ай сияқты бейнеленген. Сабақтастық бар ма бар. ешқандай айырмашылық жоқ. Бұрыңғы ғұн дәуіріндегі қазақ елінің елтаңбасына айналып отыр.

2007 жылдан бастап 2014 жылдың аралығында елтаңбаның стандарты жасалды. Сол кезде 40 тан аса элементтің сипаттамасы жазылып, әрбірінің өлшемі айқындалды. Ал, 2019 жылы латын әліпбиіне негізделген нұсқасы енгізіліп заңдық тұрғыда бекітілді.

Жандарбек Мәлібеков, елтаңба авторы:       

- Дүниежүзілік барлығы елтаңбалардың ішінен өзінің несі жағынан орындалу тәртібі, мағынасы көрінісі жағынан дизайнерлік жағынан бірінші ондыққа кіреді екен. Сондықтан біз елтаңбаны істегенімізді әрдайым мақтан тұтам.

Елтаңба – елдіктің белгісі. Мемлекеттің басты нышаны. Тәуелсіздік тұмары азаттығымыздың айғағы ретінде халқымызбен бірге мәңгі жасай бермек.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов