Ерболат Досаев еріктілермен бірге еліміздің әнұранын қосыла шырқады

Еліміздің әнұранын ғана емес барлық рәміздерін Қазақстанның әрбір азаматы білуі тиіс. Осы мақсатта Алматы қаласының әкімдігі  мемлекеттік рәміздер күні қала бойынша әртүрлі патриоттық үлгідегі шараларды ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі  «Абай» алаңында яғни  Республика сарайының алдында өтті. 500-ден астам адам жиылған шараға шаһар басшысы Ерболат Досаевта қатысып, еріктілермен бірге еліміздің әнұранын қосыла шырқады.

Алина Өскенбаева, волонтер:

- Біз осы шарада волотерлар барысынан өзімізді көрсеттік.  Осы жерде барлығымыз жиналып өзіміздің Қазақстанымызды алға қарай шаттандыруға оны дамытуға деген көзқараспен келіп отырдық, осында тұрдық. 

Кеше кешкісін дәл осы Абай алаңында болған live-концертте   Мейрамбек Бесбаев, Ұлытау тобы, Жұбаныш Жексен, Ғазизхан Шекербек, Луина, Мөлдір Әуелбекова секілді елге танымал өнерпаздар сахнаға шықты.

Ғазизхан Шекербеков, әнші, композитор:

- Әрқайсымыз өзіміздің ата-анамызды танығандай өзіміздің әнұранымызды, туымызды танысақ, қадірін білсек біз енді ұлттық ішкі  рухымыз, ішкі күшіміз әрқайысымыз сонымен жабысып тұрғанын сезінсек, ел боламыз, ауызбіршілігіміз болады.

Мемлекеттік рәміздер күнінің негізгі идеясы патриотизм мен ұлт бірлігін нығайту, Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау. Бүгін қаладағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттардың, мәдениет және спорт нысандарында мемлекеттік ту ілініп, тұрғындар мерекелік күй кешті.

Авторы: Жандос Айтбайұлы