Нұр-Сұлтанда донорлар құрметіне мотошеру өтті

Қан тапсырып, адам жанына араша түс. Дүниежүзілік донор күні қарсаңында Елордада мотошеру өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықты қан тапсыруға үгіттейтін іс-шара үшінші рет ұйымдастырылды. 10 мотоцикл қатар тізіліп, қаланың басты көшелерімен жүріп өтті. Жалпы алғашқы үш айда елімізде донорлар 70 мың рет қан тапсырған екен. Ғазиз жандар үнемі қол ұшын созғандықтан, Қазақстанда қан тапшылығы жоқ. Дүниежүзілік донор күні 14 маусымда аталып өтеді.

Сондай-ақ...