Павлодар облысында 528 учаске жұмысын бастады. LIVE

Оның 21-і облыс аумағына іс-сапармен немесе қыдырып келген Қазақстан азаматтары үшін жасақталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біздің түсіру тобымыз Павлодардың Естай атындағы мәдениет сарайында орналасқан №11 референдум учаскесінен тікелей байланысқа шықты.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

Қайырлы таң елордалық әріптестер. Референдум учаскесінің есігі тура сағат 7-де ашылды. Мына біз тұрған №11 учаскеде жалпы 2031 адам тіркелген екен. Олардың ең үлкені 89 жаста. Жуырда ғана 18-ге толған бозбала алғашқылардың бірі болып, өз таңдауын жасауға келді. Адамдар біртіндеп келіп жатыр. Ал референдум бюллетеньдері мен жәшіктері өздігінен жүре алмайтын 14 адамның үйіне апарылады. Олардың арасында тыл және еңбек ардагерлері бар. Жалпы саяси науқанның өту барысы жайында референдум учаскесі комиссиясының өкілдерінен білсек.

Жанар Тоқатова, №11 учаскенің референдум комиссиясының хатшысы:

– Жалпы бүгінгі күнгі референдумға дайын. Толық матерриалдық -техникалық базасы жабдық! Залымыз дайын. Комиссия мүшелері арнайы тестерден өтіп бүгінгі референдумға. Бүгінгі күнде 5 маусым күнде 5 туған күн иелері бар. Оларға арнайы сыйлықтарымыз дайын.

Павлодар облысы бойынша республикалық референдумға таңдау жасау 528 учаскеде жүріп жатыр. Оның 136-сы облыс орталығында орналасқан. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлек кабина арнайы құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Бұл күні Павлодар, Ақсу және Екібастұз қаласында инватакси қызметі іске қосылды. Саяси науқанның өту барысын 1800 бақылаушы қадағалайды деп жоспарланған. Облыс бойынша жалпы саны 512 мың 794 адам бүгін өз таңдауын жасауы тиіс. Еліміздің бас құжаты, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардан қарапайым халық үлкен үміт күтеді. Бүгін елдің болашағы айқындалып, маңызды шешім қабылданатын тарихи күн. Ендеше саяси науқанды Ертіс өңірінің жұртшылығы ұйымшылдықпен өткізеді деген сенім бар.