Жамбыл облысында 688 мыңға жуық адам дауыс бере алады

Өңірде 500-ге тарта референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр. Дауыс беру барысын аймақтағы тілшілер көріп, біліп отыр. Меншікті тілші Руслан Бақытбекұлы тікелей байланысқы шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

Жұрт белсенді. Саяси науқанда әрбір азаматтың дауыс беруі маңызды. Бұл жауапкершілікті жамбылдықтар жақсы сезінеді. Күн жексенбі болса да таңертең ерте дауыс беруге келгендерге қарап білуге болады және сағат сайын адам саны артып келеді. Қазір біз Жамбыл политехникалық колледжінің базасында орналасқан 464 референдум учаскесінде тұрмыз.

Бұл учаскеге 2500-ден астам адам бекітілген. Ғимарат ашылып, жұмыстың басталғанына 2 сағаттай өтті. Осы уақыт аралығында шамамен адам келіп дауыс беріп үлгерді. Ал дауыс берудің әділ әрі заңды өтуін қоғамдық бірлестік өкілдері жіті бақылап отыр. Айта кету керек, облыс бойынша екі мыңнан астам қоғамдық бірлестік өкілі жұмылдырылған. Олар дауыс берудің заңды өтуін және құқық бұзушылықтардың болмауын қадағалайды. Саяси науқанға отбасымен, бала-шағасымен келіп жатқандар да бар. Сонымен қатар 18 жасқа енді толған 5 тұрғын алғаш рет дауыс беріп кетті. Зиялы қауым өкілдері де белсенділік танытып отыр.

Үміт Битенова, ақын:

Бүгінгі референдум дәл осы менің арман тілегімді орындайтын күн деп келдім мен. Қазір жан-жағыма қарасам, кіріп-шығып жатқан ерсілі-қарсылы ағылған халықты көріп мен сүйсініп отырмын. Қуанып отырмын. Референдумнан кейін шешілетін тағдыр шешті Конституциялық реформа біздерді жаңа кезеңге бастайды.

Шығу үшін халық үні асқақ әні.

Мен қолдаймын бұл ұлы бастаманы

Референдум дамудың ақ үлгісі

Жаңа кезең дәл бүгіннен басталады!

Мереке құтты болсын!

Жалпы Жамбыл облысы бойынша нақты 492 учаскелік комиссия жұмыс істеп жатыр. Оның 21-і жабық. Аймақ бойынша референдумға 38 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам қатысады. Олардың 3 мыңға жуығы үйден дауыс берсе, қалғандары бекітілген учаскелерге барып береді. Дауыс беру жалғасады. Ал біз хабар таратуды жалғастырамыз. Әзірге Жамбылдағы жаңалық осындай