Бүгін 443 мыңнан астам батысқазақстандық өз таңдауын жасамақ. LIVE

Бүгнігі күні Ақжайықтағы ағайын да белсенді екен. Жай-жапсарын осы өңірдегі тілшіміз Талғат Серікқалиұлынан сұрап білдік, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде 500-ден астам учаске бар.

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

– Иә, Ақжайық жұртшылығы да осынау саяси науқанға белсене қатысып жатыр деп сеніммен айта аламын. Өйткені заңға сәйкес таңғы сағат 7-де референдумның барлық аумақтық және учаскелік комиссиясы жұмысын бастады. Дауыс беретін орындар есігін айқара ашты және келушілердің еш кедергісіз өз таңдауын жасауына бар мүмкіндік қарастырылған. Облыс бойынша жалпы саны 505 дауыс беру учаскесі бар. Соның 123-і Орал қаласында. Жалпы саяси науқан жөнінде толығырақ референдум өткізу жөніндегі қалалық комиссиясының төрағасы Нұрлан Бекқайырдан білейік. Нұрлан Мағазұлы, өңірде референдум барысын кімдер бақылап жатыр?

Нұрлан Бекқайыр: Референдум өткізу жөніндегі қалалық комиссиясының төрағасы:

Референдумға енді байқау үшін қазір келіп жатқан байқаушылар бар. Тіркелеміз деп келгендер, алдын ала келгендер, жолыққандар. Соның ішінде халықаралық дәрежедегі ұйымдардан үш байқаушы біздің облыста жұмыс істейді деп айта аламын. Оның сыртында өзіміздің қала, облыс бойынша тіркеуден өткен қоғамдық ұйымдардың өкілдері осы БАҚ өкілдері осы референдум учаскелерінде дауыс берудің қалай жүріп жатқанын байқай алады, көре алады, жүргізе алады.

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

Айта кетейін, бұл күні облыс бойынша 443 мың 800 тұрғын өз таңдауын жасайды. Міне, дауыс беру басталған уақытта тек біз тұрған учаске арқылы біраз тұрғын өз таңдауын жасап үлгерген. Мендегі бар ақпарат әзірге осы.