Референдумға атыраулықтар да белсенді қатысып жатыр

Маңызды науқанда өз таңдаударын жасауға белсенділік танытуда. Мұнайлы өңірден арна тілшісі тікелей байланысқа шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Асланбек Шығыр, тілші:

Біз қазір қаладағы №83 референдум учаскесіндеміз. Өңірде дәл осы уақытқа дейін, яғни учаскелер ашылған 3 сағат ішінде адамдар өз таңдауын жасап үлгерген. Ал мына біз тұрған учаске бойынша осындағы комиссия төрағасының өзінен білейік. Референдумға қатысушылардың белсенділігі қалай? Қанша адам таңдауын жасап үлгерді?

Жеміс Бапаева, №83 дауыс беру учаскесі комиссиясының төрайымы

Асланбек Шығыр, тілші:

– Облыста 400 мыңға жуық адам референдумға қатыса алады. Ол үшін, міне, осындай 261 учаске дайындалды. Өздеріңізге белгілі, біздегі ерекшелік мұнайшылардың дауыс беруі. Осы жөнінде де шағын ақпарат айта кетейін. Өңірдегі барлық кен орындарында таңдау жасауға жағдай жасалған. Мысалы, Теңіз кен орнында арнайы референдум учаскесі жабдықталып, қазір ол жақта да жұмысшылар өз таңдауын жасап жатыр деген ақпарат келіп түсті. Бұл туралы енді жаңалықтардың алдағы шығарылымдарында ақпарат береміз. Сонымен қатар Каспий қайраңында орналасқан Қашаған кен орнының мұнайшылары да назардан тыс қалмайтынын бұған дейін де айтқан едік. Әзірге мендегі бар ақпар осы.