Түркістан облысының бір млн-нан астам тұрғыны өз таңдауын жасамақ. LIVE

Референдумға Түркістан облысының тұрғындары да белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өңір – еліміздегі халқы ең көп, тығыз орналасқан аймақ. Сондықтан саяси науқанда таңдау жасау құқығына ие азаматтардың саны да басқа өңірлерге қарағанда көбірек.

Жандос Жұмабек, тілші:

– Біз қазір Түркістан қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебінде орналасқан №900 референдум учаскесінде тұрмыз. Мұнда таңғы 7-де есік ашылғаннан бастап кісі қарасы қалың. Себебі халық мемлекеттің тағдырына, елдің ертеңіне, жастардың болашағына бей-жай қарай алмайды. Ата заңымызға өзгеріс енгізілетін жалпы халықтық референдумның қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді. Сондықтан бұл мүмкіндікті жіберіп алмау үшін саяси науқанға жауапкершілікпен қарап, өз таңдауын жасауға ниетті екенін осыдан-ақ аңғаруға болады. Дәл осы нөмірі 90 учаскеде таңдау құқығына ие 2658 азамат тіркелген. Олардың арасында үлкен де, жас та бар. Бір байқағаным, олардың жүзінен болашаққа деген сенімді көруге болады. Енді келушілер мен референдум комиссиясы мүшелерінің пікірін тыңдасақ.

Тынышбек Нұрлыбай, қала тұрғыны

Гүлмира Башарова, байқаушы

Жандос Жұмабек, тілші:

– Түркістан қаласында дәл осындай 50 дауыс беру учаскесі бар. Оның екеуі ауруханалардың ішінде орналасқан. Жалпы саяси науқанға қала бойынша 118 мыңға жуық дауыс беруші қатысып, өз таңдау жасайды деп күтілуде. Саяси науқанды өткізуге Түркістан облысында 914 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр. Бүгін 1 млн 163 мың адам референдумға қатысып, таңдауын жасайды деп жоспарланған. Нақты көрсеткішті кештеу білеміз, әрине. Ал облыс бойынша референдум барысын 6457 байқаушы қарайтын болады.