Шығыс Қазақстанда ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ

Шығыс Қазақстан облысында республикалық референдумға таңдау жасау 1027 учаскеде жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық жағдайына байланысты емделіп жатқан немесе әскери борышын атқарып жүрген азаматтар үшін кәсіпорындар мен медициналық мекемелерде 68 дауыс беру орны ашылған. Референдум барысын жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері бақылауда. Олардың айтуынша, ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген.

Марина Акмурзинова, байқаушы:

Дауыс беру процесі ойдағыдай өтіп жатыр. Ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Дауыс берушілер арасында ұйымдастыру жұмыстарына ризашылығын білдіріп жатқандар да бар.