Өнер адамдары саяси белсенділігін көрсетіп жатыр

Шығармашылық адамдары да саяси ерік-жігерін білдіруге сайлау учаскесіне ағылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова. Тығыз шаруасыға байланысты бүгін Алматыға ұшпас бұрын өнер майталманы өз учаскесінде дауыс беруді ұйғарған.

Майра Ілиясова, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

– Бүгін біздің Қазақстан үшін тарихи күн, мен үшін де тарихи күн. Өйткені біздің елдің болашағынан үлкен жаңалық күтудеміз. Әрбір Қазақстан азаматы өзінің құқығын қорғауға, өзінің даусын беруге құқылы. Сондықтан мен әнші ретінде, азаматша ретінде өзім дауыс беру құқымды көрсетіп кеттім. Еліміз жасасын, қазақ елі жасай берсін!