Елордада өнер майталмандары дауыс берді

Еліміздің өнер майталмандары саяси науқаннан шет қалмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың бірі – Қаракөз Сүлейменова. Ол Алматыда тіркелген болса да, арнайы рұқсатпен Елордада дауыс берген. Сондай-ақ танымал әнші Маржан Арапбаева да өз таңдауын жасады.

Қаракөз Сүлейменова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

– Осы референдумнан Мемлекет басшысы емес, өзім де үлкен өзгерістерді күтудемін. Себебі біз азаматтық қоғам қалыптастыруға ұмтылып жатқан жандармыз. Бұл өте маңызды қадам деп есептеймін.

Маржан Арапбаева, әнші:

– Мен, әрине, көпішілкпен бірге референдум аяқталған соң жақсы жаққа үлкен өзгерістер болады деп үміттенемін. Халық үшін жастар үшін үлкен өзгеріс күтемін.