Спортшылар референдумға белсенді қатысып жатыр

Саяси науқаннан Ақмола облысының спортшылары да сырт қалмады.

Аймақта жасы 18-ден асқан 1500-дей спортшы болса, түске дейін олардың жартысына жуығы өз таңдауын жасап үлгірген. Азаматтық міндетін орындауға асыққандардың арасында армрестлингтен еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин де бар.

Илья Ильин, армрестлингтен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

- Мұндай маңызды шарадан сырт қалмай, келіп дауыс беруді жөн санадым. Себебі, бәріміз осы референдумға үміт артып отырмыз.