Exit poll: дауыс берушілер портреті

Алматыдағы дауыс беру учаскелеріндегі ахуалды бақылаған ехit poll интервьюерлері өз таңдауын жасағандарға сипаттама берді. Таңғы сағат жетіде егде жастағылардың қатары басым болса, сағат онға қарай орта жастағы адамдар келе бастаған. «Ал түстен кейін жастар легі артты» дейді олар.

Гүлмира Әбілқайырова, ЕХIT POLL интервьюері:

Қазір де зейнеткерлер легі басылар емес. Осыған қарап біздің қарттарымыз белсенді деген ой түйесің. Отбасы болып балаларымен келетіндер де өте көп болды. Барлығы жақсы ұйымдастырылған. Біздің мақсатымыз, шағын әрі жасырын сауалнама жүргізу. Дауыс беріп шыққан адамға небары үш сұрақ қойылады. Дауыс бергендегі таңдауыңыз «Қолдаймын» немесе «Қолдамаймын», респонденттің жасы және ұлты. Осылайша біз әлеуметтік демографиялық портретті қалыптастырып жалпы мағлұмат жинаймыз.

Шернияз Нұрланқұл, ЕХIT POLL интервьюері:

- Менің мақсатым, регламент бойынша дауыс беріп шыққан әрбір алтыншы адамға сауал қою. Сонымен қатар бізде өз квотамыз бен белгіленген нормативіміз бар. Соған сәйкес, әр екі сағат сайын қала бойынша супервайзерге есеп беріп отырамыз. Осылайша республика көлемінде жалпы статистика жинақталады.