Жастар жақсылықтан үмітті

Елдегі жастар референдумға алғаш рет қатысып жатыр. «Аманат» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек 31 жаста. Ол бүгінгі маңызды науқаннан үлкен үміт күтеді.

Дәулет Кәрібек, "Аmanat" партиясының хатшысы:

- Референдум оң нәтижесін берген жағдайда біраз үлкен саяси өзгерістер, үлкен жұмыстар күтіп тұр. Жалпы кез келген дамимын деген ел, дамимын деген мемлекет үнемі тоқтаусыз дамуда, үнемі үздіксіз қозғалыста болуы тиіс. Ол экономикалық жағынан емес, саяси процестерде де осындай темппен жүру керек деп ойлаймын.