Ақмола облысында референдумға ауыл халқы белсенді қатысты

Ақмола облысында референдумға ауыл халқы да белсенді қатысты.

Зеренді ауданының Садовое ауылындағы 365 дауыс берушінің жартысына жуығы түске дейін өз таңдауын жасап үлгерген. Елді мекен тұрғындары әсіресе таңғы уақытта белсенділік танытқан. Бұл жайында облыстық референдум комиссиясының өкілдері айтты.

Түстен кейінгі есеп бойынша Сандықтау ауданында жергілікті халықтың 70 процентке жуығы дауыс беріпті. Одан кейін Атбасар ауданы тұр.

Нұрлан Нұрмағамбетов, Садовое ауылының тұрғыны:

- Бұл әрбір азаматтың міндеті деп ойлаймын. Себебі Конституциядағы өзгерістер мен толықтыруларға біз бей-жәй қарамауымыз керек. Өйткені ол болашағымыздың кепілі.