Қарағандыда 60 мыңға жуық адамның таңдау жасау мүмкіндігі болды

Қарағанды облысында ұзын саны 777 учаске жұмыс істесе, оның 33-і Жезқазған қаласында болды.

Мысты өңірде 60 мыңға жуық адам таңдау жасау мүмкіндігі болды. Дауыс беру үрдісін партиялар мен қоғамдық бірлестік өкілдері бақылады. Саяси науқанда таңдау жасағандар арасында 85 жастағы Сәлима Балмағамбетова да бар. Әже өзгеріс енейін деп отырған заң тармақтарының барлығын мұқият оқып шыққанын айтады.

Сәлима Балмағамбетова, Жезқазған қаласының тұрғыны:

- Қуанып осы ертерек келіп дауыс беріп тұрмын. Өзгертулерден ұнағаны осы xалқымызға ел, жер, су байлығының барлығы халыққа дегеннен кейін қуандық. Жасым кәрі болса да енді бар түсінгенім сол.