Референдум – тарихи сәт

Ата заңға енген өзгерістер біздің қоғамды демократиялық құндылықтарға жетелейді. Қоғамдық кеңес мүшесі Қайрат Жолдыбай осылай дейді.

Қайрат Жолдыбайұлы, қоғамдық кеңес мүшесі:

- Мен референдумға алғаш рет қатыстым. Таңмен барып өзімнің азаматтық парызымды өтедім. Таңғы уақытқа қарамастан, қатысушылардың белсенділігі жоғары болды. Бәрі көтеріңкі көңіл-күйде. Өйткені Ата заңға оң өзгерістер жасап жатқанын бәрі біледі. Жәй ғана мысал ретінде айтатын болсақ, кез келген адамдар партияның тізімінсіз-ақ өз кандидатурасын мажоритарлық жүйемен мәжіліске ұсына алады. Егер халық қолдап жатса, саясатқа толықтай өз үлесін қоса алады. Басқа да көптеген оң өзгерістер бар. Бұлардың бәрі біздің қоғамымызды демаократиялық құндылықтарға қарай жетелейтін қадамдар.