ҰҚК есірткі құрылымының 15 қатысушысын ұстады

ҚР ҰҚК 2022 жылғы сәуір мен мамыр айларында Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің арнаулы қызметтерімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп 30-дан аса есірткіге қарсы операция жүргізді.

Есірткі трафигінің 9 халықаралық және 14 өңірлік арнасы жойылды. Синтетикалық есірткі өндіретін 8 ірі жасырын зертхананың жұмысы тоқтатылды.

«Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 15 қатысушы ұсталды. Заңсыз айналымнан барлығы 223 кг есірткі, оның ішінде: 90 кг синтетикалық есірткі (270 мың «бір реттік мөлшерге» тең), 85.2 кг марихуана, 14 кг апиын, 4 кг гашиш алынды. Бұдан басқа, 800 экстази  таблеткасы, 500 түп «голланд» марихуанасы және психотроптық заттарды дайындауға арналған 4 тонна химиялық реагенттер айналымнан шығарылды», – делінген мәліметте.

Екі ай ішінде алынған есірткінің «қара нарықтағы» жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеден астамға бағаланып отыр.