Қазақстан Каспий итбалығын сақтап, көбейтуге қатысты Ресеймен бірлескен іс-қимыл жоспарын жасады

Бірлескен іс-қимыл жобасы 2026 жылға дейін жоспарланған. Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде итбалықтардың өніп-өсуі, оларды сақтау мен таралуына қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ғылыми деректерге сәйкес Каспий теңізінде шамамен 300 мың итбалық бар. Сол сияқты Каспий итбалығының жойылып кету қаупіне қатысты ешқандай дәлелді негіз жоқ. Яғни ғалымдардың пікірінше, итбалықтардың жойылу қаупінің жақын болашақта болуы екіталай. Қазіргі уақытта гидробиология және экология институты Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде итбалықтардың өніп-өсуі, оларды сақтау мен таралуына қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар ғылыми зерттеу нәтижесін қорытындылай келе аталған институт итбалықтар мекендейтін жерлерді сақтауға қатысты ұсыныстар жасайды.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан Каспий итбалығын сақтау және көбейтуге қатысты 2026 жылға дейінгі Ресеймен бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды. «Жоспарға сәйкес Каспий итбалығының мекендеу және көбеюін сақтау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру жоспарлануда. Айта кетсек, осыдан 3 жыл бұрын Ақтауда Каспий итбалығын зерттеу және оңалту бойынша Қазақстандағы алғашқы орталық ашылды. Бүгінге дейін орталықта 40-тан астам итбалықты емдеп, оңалтып табиғи ортаға қайта жіберілді», – деді ведмстоводан.