Петропавлда жартылай қираған мұржа толық бұзылып жатыр

Петропавл жылу электр орталығындағы жартылай қираған мұржа толық бұзылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биіктігі 100 метр болатын нысанды Өскемен қаласынан келген арнайы мамандар бөлшектеуге кірісті. Екі ай жүргізілген сараптама қорытындысы оны қайта қалыпқа келтіру мүмкін еместігін көрсеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болашақта оның орнына жаңасы тұрғызылады.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының 20-сы күні жылу электр орталығында мұржаның 60 метрі опырылып түскен еді. Сол кезде машинист-қараушы әйел үйіндінің астында қалып, мерт болған. Осыған байланысты прокуратура қылмыстық іс қозғап, бірнеше адам қамауға алған болатын.  

Дмитрий Захаров, Петропавл жылу электр ортылығы директорының міндетін атқарушы:

- Тамыз айына дейін бәрін бұзып үлгеруіміз қажет. Кейін тағы бір ай аумақты темір-бетон үйінділерінен тазартатын боламыз. Бірінші мұржаға қосылған қазандықтарды қазір біз басқасына қосып жатырмыз. Жылыту маусымына дейін сәтін салса, 9 қазандық жұмыс істейтін болады. Алдын ала болжам бойынша аталған түтін мұржасын бұзуға шамамен 150 млн теңгедей қаржы жұмсалмақ.

 

Сондай-ақ...