Түркістанда қарбыз өсірудің жаңа технологиясын шаруалар сынақтан өткізіп жатыр

Вадим Мамедов өзінің жылыжай кешенінде бақша өнімдерін зерттеумен айналысады. Соңғы уақытта қауын мен қарбызға сынақ жүргізіп жүр. Мақсаты – шағын алқаптан мол және ерте жинау, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Галландиялық қауынды жерсіндіріп, кәдімді қарбызды жылыжайда өсіріп отырған шаруа әлі де ізденіс үстінде жүр. Тәжірибе алыңындағы 18 соттық аумаққа егілген бақша дақылы ерте өнім берді,- дейді. Ал екі аптадан соң толық пісіп, дәмі әлде қайда тәтті болатынын айтады.

Шаруа тынымсыз тірліктің арқасында жетістікке жете бастады. Әдеттегіден ерте түйнек салған көкөніс тамшылату әдісімен суарылады. Көшетке қажетті минералды тыңайтқыштар да құбыр арқылы тамырына жетеді. Сондықтан суды үнемдеп,  өзге де шығын көлімін де азайтуға болады,- дейді.

Видади Мамедов, шаруа:

- Голландияға барғанымызда бір қызық нәрсе көрдік. Көргенде жедік оны. Қауынды сойсаңыз іші қызыл қарбыз сияқты. Қарбызды сойсаңыз іші қауын сияқты сары. Енді бірінші түріне қарап жақпайтын сияқты көрінді. Бірақ дәмін татсаңыз бір тәтті. Мен сол нәрсені көргеннен кейін осы жақта өзіміздің қазақстандықтарға жеткізіп, көрсетсек деп ойладым. Ендігі жылы сол ұрықтардан әкеліп, осындай уақытта Құдай қаласа пісетіндей қыламыз.

Диқандар шет мемлекеттің шаруаларымен тығыз байланыс орнатқан. Түрік елі мен Голландияның еңбек адамдарын ауданға жиі шақырап, өздері де түрлі елдің тыныс-тіршілігімен таныс. Осылайша қауын мен қарбызды өсірудің жаңа техногиясын енгізуге асық.

Пердебай Мағзұмов, шаруа:

- Биыл өзіміз ойласып осы жерге егіп, эксперимент жасап, қарбызға қандай дәрілер керек, қандай дәрілермен жақсы өседі, мына бетіне бөлек дәрі беріп, мына бетіне басқа дәрілер беріп, эксперимент қылып көріп жатырмыз. Мына жақта қауын егілген. Қарбыздың екі түрі егілген. Біз ерте пісіріп ерте шығару үшін осы жылыжайға келіп көшет істеп шығарамыз. 

Түркістан облысының аграрлы аймағына айналған Сарыағаш, өнімді әр тараптандыруға бет бұрды. Ауданда 683 гектардан астам жылыжай кешені бар. Шаруалар құнарлы жерді тиімді игеру үшін бір алқаптан екі-үш түрлі  өнім жинау әдісіне көшті.