Павлодар облысында ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдау қызметі ашылды

Павлодар облысында ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдау қызметі ашылды

Павлодар облысында ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға қолдау көрсететін қызмет іске қосылды.

Ол сал ауруына шалдыққан бөбектерді оңалтатын сауықтыру орталығы ішінен ашылған. Бұл қызмет түрі  облыстан тыс  аймақтарды да  қамтиды. Әзірге тәжірибе жүзінде жұмыс істейді. Ұйымдастырушылар келешекте бастаманың ауқымы кеңейе түседі деген сенімде. Өйткені науқас баласы бар ата-аналардың мәселесімен көбінде ешкім айналыспайды. Мамандар мұндай балаларды қатарға қосу үшін ең бірінші кезекте отбасында тұрақты психологиялық және моральдік ахуал қалыптасуы керек дейді.

Гүлбаршын Нұрмұханова, ерекше баланың анасы:

- Баламен айналысып жүріп, өзімізге көңіл бөле алмаймыз. Мен ата-аналардың өзіне қарапайым психологиялық көмектер қажет деп ойлаймын. Сондықтан осындай қызметтің керек екенін үнемі айтып келдім.

Зинаида Багненко, сауықтыру орталығының директоры:

- Жоба аяқсыз қалмауы тиіс. Бұл өте өзекті әрі өз уақытында ашылып отыр. Осы уақытқа дейін балаларға жан-жақты көмек көрсетіп келдік. Енді ата-аналар да қамтылатын болады. Ол психологиялық кеңес, сауықтыру процедуралары.