476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қоғам мен саясатта жастардың рөлі артады

  • 186
  • UPD: 22:09, 07.06.2022

Референдумның өтуі «Жаңа Қазақстан» идеясы негізделген әділдік және өзара құрмет қағидаттарының жүзеге асып жатқанын растады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол себепті ел жастары мұндай шараның ұйымдастырылуын қолдап, оған белсенді қатысты. «Ассамблея жастары» республикалық ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаевтың пікірі осы. Оның айтуынша, дауыс берушілердің көптеп келгені алдағы уақытта еліміздегі оң өзгерістерге сеп болады.

Тимур Жұмырбаев «Ассамблея жастары» республикалық жастар ұйымының төрағасы:

Жастар республикалық референдумға белсенді қатысты. Бұл олардың елде болып жатқан түбегейлі өзгерістердің мән-мағынасын түсінетінін көрсетті. Ертең осы өзгерістердің жемісін көретін де бізбіз. Ата заңдағы түзетулер жас көшбасшылардың Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне қатысуына мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы