IOS 16 қазақша сөйлейді

Бұдан былай «Айос-16» операциялық жүйесі бар смартфондардың бастапқы интерфейсін қазақ тіліне өзгертуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ бағдарлама автотүзету қызметімен де толықты, яғни ұялы телефон ішіндегі жасанды интеллект көмегімен төл сөздер автоматты түрде түзетіліп отырады. Бірақ бұл жаңашылдық компанияның 2017 жылдан кейін шыққан құрылғыларына ғана қатысты.

Ерхан Таткен, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз хатшысы:

Бұл жаңашылдық дәстүрлі Worldwide Developers Conference2022 іс-шарасында айтылды. Мұның өзі қазақ тіліне деген сұраныстың жалпыға бірдей әлемдік кеңістікте сұранысқа ие екендігін көрсетіп отыр.