Мусин Apple корпорациясына қазақ тілін iOS функциясына қосқаны үшін алғыс білдірді

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Apple компаниясының бас директорына өтініш жасады,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол iOS операциялық жүйесінің жаңа нұсқасына кирилл қарпінен латын графикасына автоматты түрде транс-литерация жасауды ұсынды. Мусиннің айтуынша, бұл қадам біздің ел азаматтарының латын жазуына тез бейімделуіне септігін тигізеді.

«Барлық қазақстандықтардың атынан Тим Кукқа қазақ тілін iOS және автоматты ауыстыру сияқты түрлі функцияларға қосқаны үшін алғыс білдіремін. Сондай-ақ Apple кирилл қарпінен латын графикасына автоматты түрде транслитерация жасау қызметін де қосса, риза болып қалар едік».

Жақында Apple iOS 16 ұялы операциялық жүйесін таныстырған болатын. Оған алғаш рет қазақ тілі енгізілді. Бұл өзгерісті iPhone 8-ден жоғары үлгілерді тұтынатын азаматтар пайдалана алады. Айта кетейік, iPhone-да қазақ тіліндегі пернетақ осыдан 3 жыл бұрын пайда болған еді.

Сондай-ақ...