Сарбаздардың өліміне тек әскердегі қызмет ғана себеп емес – Қорғаныс министрі

Сарбаздардың өліміне тек әскердегі қызмет ғана себеп емес. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов осылай дейді.

Жас сарбаздар азаматтық қоғамда өсіп жетіледі. Сондықтан әскер қатарына алынған әр адамның өз жауапкершілігі болуы қажет. Дегенмен, елдегі жауынгерлік даярлық бағдарламасы қайта қаралып жатыр.

Министрдің айтуынша, сарбаздардың кәсіби деңгейін көтеру мақсатында тиісті жұмыстар қолға алынған.

Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:

- Бірінші кезекте жастар өз өміріне, айналасындағыларға деген жауапкершілігі болуы керек. Бұған тек әскер ғана кінәлі емес. Әскерге келген жігіттің өмірі үшін жауапкершілік командирге жүктеледі. Дегенмен, олар әскерге азаматтық қоғамнан пісіп-жетіліп келеді. Сондықтан әр сарбаздың бұған дейінде өз проблемасы болуы мүмкін. Істің ақ-қарасы тергеу аяқталған соң белгілі болады.