Алдағы уақытта конституциялық заңда 20 шақты жаңа норма пайда болады

Елде өткен референдум Ата заңымызға енгізілетін түзетулердің бірінші кезеңі ғана. Алдағы уақытта 20 шақты конституциялық заңда жаңа нормалар пайда болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Содан кейін қазақстандықтар саяси және қоғамдық өмірде айтарлықтай өзгерістер байқай алады. Саясаттанушы Бауыржан Серікбаевтың пікірі – осы. Ол Сарап эксперттік тобындағы әріптестерімен бірге еліміздің көптеген өңірін аралап, халықтың референдум нәтижелеріне қатысты сұрақтарына жауап берді. Бұл кездесулерге қатысқан азаматтардың басым бөлігін саяси партияларды құру процесі, депутаттарды сайлау сынды мәселелер толғандырды.

Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы:

- Конституциялдық соттың құзіреттері бекітілді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзіреттері бекітілді. Осының барлығы да арнайы конституциялық заңдар қабылданады. Оған өзгерістер енгізіледі. Соның нәтижесінде конституциялық сот қай бағытта жұмыс істейді, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзіреттері қандай болатыны арнайы заңда жазылады. Сайлау, партия құру туралы, мажаритарлы сайлау туралы барлығы заңда жазылады.