Әйелдердің зейнетке шығу жасын қысқарту керек пе?

Елордалық қыз-келіншектер қазақстандық әйелдердің зейнетке шығу жасын 63-тен 58-ге, тіпті 55-ке дейін қысқарту керек деп санайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша олар Сенат депутаты Дана Нұржігіттің ұсынысын толық қолдайтынын айтып жатыр. Халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

– Негізі мен қолдаймын.

– Дана Нұржігіт ұсынса мен қолдаймын.

– Төмендетсін, төмендетсін, 63 өте көп.

– Иә, дұрыс төмендетсін 55-ке дейін.

Біз әлі жаспыз.