М.Әшімбаев: Жаңа міндеттер сапаны талап етеді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Назарбаев университеті жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистратура және докторантура түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Палата спикері биылғы түлектер еліміз үшін ең жауапты кезеңде оқуды аяқтап отырғанын атап өтті. Мәулен Әшімбаев қазір мемлекеттік аппараттың жұмысын да түбегейлі өзгертіп, қайта жандандырудың маңызды екенін айтты.