Ақмола облысында ат экспедициясы басталды

Бозоқтан - Ботайға. Елде Рәміздердің 30 жылдығына орай ат экспедициясы басталды.

Салт аттылар 7 күні бойы 500 шақырымды жүріп өтпек. Тұлпарды тақымға басқан азаматтардың көңіл күйі керемет. Өйткені олар Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының киелі мекендеріне табан тірейді. Бозоқ қалашығынан басталған экспедиция Ботай археологиялық ескерткіші маңында аяқталады. Шараны Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды. Игі бастамаға археолог-ғалымдар мен ат клубының өкілдері қолдау білдірген.

Таңжарық Сұлтанұлы, атбегі, экспедиция нұсқаушысы:

- Экспедицияның бағыты Бозоқ-Ботай. Неге осы тарихи қалалардың орындары. Осы екі ортада көшпенділердің сапарын біз жаңартып, сүрлеуін тауып жол салмақпыз енді. Туризм дамитын салалар болса, осындай бағыттарда біз жүріп өтпекпіз. Экспедицияға жалпы 10 адам іріктеп алып отырмыз. 5 адам шығып бастаймыз, одан кейін жол-жөнекей бізге қосылып, әр жерде жүріп өтетін адамдар бар.