Елордада өтіп жатқан жәрмеңкеге жұрттың көңілі толмайды

Бағасы базардан қымбат. Елордада ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ көпшілік азық-түлік құны көңіл көншітпейтінін алға тартады. Бұған қоса, биыл сауда алаңы өте ыңғайсыз жерде орналасқан. Елордадағы жәрмеңкеңе келгендердің пікірі әрқалай. Бірақ басым бөлігі тауардың сапасы мен бағасы сәйкес келмейді дегенді алға тартады.

Бұл жолғы жәрмеңке әдеттегідей халық көп шоғырланған аумақта емес, «Астана-Арена» стадионының маңына, нақтырақ айтқанда, оның көлік тұрағына ұйымдастырЫлды.

Артём Семержинский, кәсіпкер:

Бұрын жәрмеңке «Хан-Шатыр» сауда орталығының жанында өтетін. Қазір алыстау. Бұл жерге бір ғана автобус келеді. Айналаның бәрі құрылыс алаңдары.

Арнайы жәрмеңкеде көкөніс және жеміс-жидектен бастап, сүт, ет өнімдері, тіпті, балық пен балдың да түр-түрін кездестіруге болады. Жергілікті әкімдік сайтында баға нарықтағыдан әлдеқайда төмен болады деп көрсетілген. 

Есенгүл Маханқызы, кәсіпкер:

Дәл осындай жәрмеңкелер енді күзге дейін әр сенбі мен жексенбі күндері ұйымдастырылады. Оған Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының өндірушілері белсенді қатыспақ.

Авторлары: Аслан Қаженов, Ырыстанбек Оспанов