Павлодарда әскери қызметшінің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы марқұм аға сержант Айбек Тұрсұмбаевтың отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 

- 2022 жылы 12 маусымда сағат 19:15-те келісім-шарт бойынша әскери қызметші 5512 әскери бөлімінің саябағында КамАЗ әскери жүк көлігінің артқы дөңгелегінің желін үрлеу барысында дөңгелек жарылып, басынан алған жарақат салдарынан мерт болды, - деп жазылған ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының хабарламасында. 

Қазіргі таңда құзырлы органдармен аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша ақпарат жарияланады. 

Естеріңізге сала кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармасы шақырту сағат 19:17-де түскенін хабарлаған болатын.

Павлодарда әскери қызметші қаза тапты