Алимент төлеуден жалтарғандарға қандай шара қолдану керек – сауалнама

Алимент төлеуден жалтарған ата-анаға қандай шара, жаза қолдану қажет деп ойлайсыз? Арна тілшілері халық арасында сауалнама жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

– Қатаң жаза қолдану керек

– Оны ата-ана құқығынан айыру керек, неге төлемейді?

– Барлығын бұғаттап, шетелге жібермей, ешқайда жібермей, тіпті еговтан ешқандай құжат алмайтын қылып тастаса, тезірек шешілетін сияқты, өйткені адам мәжбүр болады. Ал екінші дұрыс жолы жүйелі түрде шешу. Ол деген идиология ғой, былайша айтқанда.

– Еркек болсын, әйел болсын төлету керек, міндеттеп.

– Алименттен жалтарғандардың көбі жұмыссыз ғой, жұмыспен бірінші қамтамасыз ету керек, сосын барып алиментті төлеудің амалдарын ойлап табу керек.