Жаңа облыстарға 12 млрд теңге бөлінеді

Жаңа облыстарға 12 млрд теңге бөлінеді

Оның 3 жарым миллиарды Жетісу облысына, 7,6 млрд теңге Ұлытауға, қалған қаржы Абай өңіріне жұмсалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті. Бұл қаражат үш өңірде әкімшілік ғимараттарды жалдап, оны жөндеп, қажетті құрал-жабдықтармен қамту үшін қарастырылған.