Елде 23 мыңға тарта дәрігер жетіспейді

Бес жыл бұрын 10 мыңға жуық медицина маманы қажет еді. Қазір тіпті 23 мың адамға көбейіп кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маман тапшылығын азайту үшін бір дәрігер екі бірдей қызметті қатар алып жүр. Осы күні біреуі 1200 науқасты қарауға мәжбүр. Денсаулық сақтау министрлігіне бюджеттен бөлінген қаражаттың дұрыс жұмсалуын тексерген мамандар осылай дейді. Есеп комитетінің қызметкерлері кейінгі 3 жылдағы көрсеткішті сүзгіден өткізген. Сөйтіп бухгалтерлік есеп жүргізу кезінде 5 млрд теңгеге жуық қаржының дұрыс саналмағаны анықталған. Десе де аудит жүргізгендер мұны заңбұзушылық деп есептемейді. Сондықтан ешкім жауапкершілікке тартылмайтынын айтып отыр.