Ақтауда 3 қоғамдық дәретхана салынып жатыр

Жоба құны – 30 млн теңге. Бұл қаражат 7а мен 14а шағын аудандары аралығында, сондай-ақ «Солдат» және жылы жағажайына жұмсалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кісі көп жүретін жерлерде әжетхананың жоқтығы мәселе болып келген еді. Биыл соған нүкте қойылуы мүмкін. Қала әкімдігі өкілінің айтуынша, қоғамдық әжетханаға кіру ақылы болады. Жиналған ақша санитарлық тазалыққа жұмсалады. Бұл жобаны жалғастыру үшін тағы да сметалық құжаттама әзірлеу жоспарда бар.

Әнуар Туляков, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы:.

- Қала жолдары мекемесі қазіргі таңда конкурстық негізде келісімшартқа отырған болатын. Әр туалетке 10 млн қаражат бөлінген. 1 айдың төңірегінде толығымен пайдалануға беріледі деп ойлаймыз. 50 теңгеден болады адам басына.