Елордада тұрақты қан тапсырушы донорлар марапатталды

Қан тапсыру да қайырымды іс. Елордада дүниежүзілік қан донорлары күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

Жиында тұрақты қан тапсырушылар марапатталып, 4 азаматқа құрметті донор төсбелгісі табысталды. Марапат төрінен көрінгендердің дені қан тапсыруды өмірлік дағдыға айналдырғандар. Қазір елде құрметті донор атағына қол жеткізу үшін кемі 40 рет қан тапсыру керек. Олардың саны 100-ден асып жығылады.

Айта кетерлігі, донорлардың саны артқан, қан тапшылығы сезілмейді. Десе де, мамандар тұрғындарды қан тапсыруға шақырады. Себебі қанға деген сұраныс та жылдан жылға артып келеді.

Азамат Рахметов, донор:

- Барлық қазақстандықтарды шақырамын қан тапсыруға. Мен өзім осымен 8 жыл қан тапсырып келемін. Екі айда бір рет тапсырамын. Бүгін құрметті донор атағына ие болдым. Сол үшін куәлік пен төсбелгі табыстады.