Қарағанды облысының Ақшоқы ауылына карантин енгізіледі

Қарағанды облысындағы Ақшоқы ауылына карантин енгізіледі.

Себебі 76 бас ірі қараның «қарасаннан»  қырылғаны дәлелденді.  Бұл туралы облыстық бас мемлекеттік ветеринарлы-санитарлық инспектор мәлімдеді. Ауылда қазір 2700 бас сиыр бар. Оның тек 15 проценті вакциналанған. Ал облыс бойынша бұл көрсеткіш 30 процент. Себеп Ресей және Украинадан вакциналар жеткізілмей жатқан көрінеді. Салдарынан мамандар қазір тек ем-шара жүргізуден әріге аса алмай отыр.

Ержан Бекетбаев, облыстық бас мемлекеттік ветеринарлы-санитарлық инспектор:

- Эпизотияға қарсы отряд ауылға барып жұмыс жасайды. Оған қазір керекті зарарсыздандыру заттары, вакциналардың барлығы дайын. Барып жұмыс жүргізеді. Карантин 14 күнге созылады. Соңғы мал жазылып не өлген соң. 14 күннен кейін карантин алынады.