Ақтауда белгісіз біреулер итбалықтың ескерткішін қиратып кетті

Ақтауда 5 ай бұрын ғана орнатылған сәулет нысаны қирап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жағажайда тұрған итбалық мүсінін белгісіз біреулер сындырып кеткен. Биіктігі екі метрден асатын нысан 14 А-шағын ауданында қойылған еді. Салмағы 300 келілік темір ескерткіш демеушінің қаржысына жасалды. Жоба авторы бұл еңбегін теңіз жануарын аяусыз қырып-жоюға қарсылық ретінде орнатқан болатын. Енді оны бүлдіргендерді полиция іздеп жатыр.

Әнуар Туляков, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

– Оның үстіне мініп, секіретін батут емес. Сондықтан сынып жатқан жерлері бар және ол объекті арнайы камераның астына орнатқан болатынбыз. Соған енді кішкене полиция қызметкерлері анықтау жұмыстарын жүргізсе деп ойлаймыз.