Алматы облысында сирек кездесетін сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалды

Алматы облысындағы «Алтынемел» ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалды.

Матай тауында суатқа келген тау ешкілері ежелден ұлттық парктің Шолақ, Дегерес және Матай тауларын мекендейді. 2021 жылы оның саны 2800 бастан асты.

«Фототұзақта ұзындығы бір метрден асатын трофей мүйізді теке көрсетілген», – делінген парақшада.